Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тұрғын өзгенің үйіне ұрлыққа түсіп, 400 мың теңгеден аса шығын келтірді

Ақмолалық тұрғын өзгенің үйіне ұрлыққа түсіп, 400 мың теңгеден аса шығын келтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қаңтарда Макинск қаласының 50 жастағы тұрғыны Бұланды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне өткен жылдың 1 қазаны мен 24 қаңтар аралығында белгісіз адам үйден тігін машинасын, 9 биметалл батареясын және құрылыс ағаштарын ұрлап кеткенін айтып шағымданды.

Келтірілген шығын көлемі – 403 мың теңгені құрады. Жәбірленуші ұрлық жасалған үйде анасы жаз мезгілінде тұратынын айтты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Макинск қаласының 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті бос тұрған үйді байқаған. Алдыңғы есікті зақымдап, үйге кіріп, ұрлық жасаған. Ұрланған мүліктің бір бөлігін металл қабылдау пунктіне тапсырған. Полиция алты батареяны тәркіледі.

ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру