Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық жас тәртіп сақшылар ПД-ның мұражайына барды

Ақмола облысының жас полицейлері Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында полиция департаментінің мұражайына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 тамызында Ақмола облысы полиция департаментінің мұражайында жас полиция қызметкерлеріне «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» тақырыбында таныстыру экскурсиясы өткізілді.

Іс-шараны полиция департаментінің кадр саясаты басқармасы, Ақмола облысының Мәдениет басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу шеңберінде ұйымдастырды. Экскурсия барысында департаменттің мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жас қызметкерлерімен Қазақстан тарихындағы конституционализм идеялары туралы қысқаша дәріс тыңдалды, олардың қалыптасуында XV-XVIII ғасырлардағы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы», Алаш Конституциясының жобасы сияқты жұмыстар маңызды рөл атқарды.

20 ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бастамасымен Алаш қозғалысы, ұлттық мемлекеттіліктің құрылу тарихы туралы толығырақ шағын бейнероликте көрсетілді. Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы, жазушы Серік Жетпісқалиев алашордалықтардың ар-намысы, ерліктері, ел тарихы, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың адалдығы туралы қысқаша дәріс оқыды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру