Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалықтар жеке куәліктерін жаңа үлгіде ала бастады

Ақмолалықтар жеке куәліктерін жаңа үлгіде ала бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының 30 мыңнан астам тұрғыны жеке куәлік алып, 19 мыңға жуық ақмолалық биыл Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ие болды.

Ақмола облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының хабарлауынша, 2024 жылдың 15 маусымынан бастап жаңа үлгідегі жеке куәлік беру басталды. Бұл ретте қолданылу мерзімі аяқталмаған құжаттар одан әрі жарамды болады.

Ақмола облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Анна Попованың ақпараты бойынша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының 24 беттік паспорты беріледі, оның құны 4 АЕК-ті (14 мың 768 теңге) құрайды.

12 жасқа дейінгі балаларға паспорттар 5 жыл мерзімге, 12 жастан 16 жасқа дейін – 10 жыл мерзімге беріледі. Бұл ретте балаларға 36 және 48 беттен тұратын паспорттарды ресімдеу алынып тасталды, бұл паспорттар 16 жастан асқан азаматтарға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру