Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалықтың үйіне екі танысы басып кіріп, оның жақ сүйегін сындырып кеткен

Ақмолалықтың үйіне екі танысы басып кіріп, оның жақ сүйегін сындырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 ақпанда Сандықтау ауданының полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінің 26 жастағы тұрғыны арызданған.

21 ақпанда сағат 01:20-да бұрынғы таныстары, 19 және 24 жас аралығындағы ауыл тұрғындары оның үйіне заңсыз басып кіріп, дене жарақаттарын келтірген. Ер адамның жақ сүйегін сындырған. ҚР ҚК 149-бабының 2-бөлігі (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) және ҚР ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру