Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмоланың ЖҚАЖ жауынгерлері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге дер кезінде көмектесті

Ақмоланың ЖҚАЖ жауынгерлері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Целиноград ауданының аумағында орналасқан жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлері ауыр апатқа ұшыраған жүргізуші мен жолаушыға уақтылы көмек көрсетті.

1 шілде күні 4 жауынгерден тұратын ЖҚАЖ жасағы Қоянды кентіне қарай бара жатқанда Ваз-2114 көлігінің қарсы жолаққа шығып, содан кейін жарық бағанына соғылып, кюветке ұшып кеткенін байқады.

Арнайы жасақтың жауынгерлері санаулы секундтарда әрекет етіп, дереу зардап шеккендерге көмекке асығып, жедел жәрдем шақырып, апат туралы жақын маңдағы патрульдік полиция экипаждарына хабарлады.

Белгілі болғандай, жол жиегіндегі суға кеткен жеңіл көлікте жүргізуші мен жолаушы болған. Адамдарды зақымданған көліктен алып шыққаннан кейін полицейлер оларды қауіпсіз жерге орналастырған.

Елорданың патрульдік полиция полкіндегі әріптестері мен дәрігерлер келгенге дейін жауынгерлер жәбірленушілердің жанында болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру