Ақсайлық тұрғын жылқыларын тауып берген полицейлерге алғыс білдірді
Ақсайлық тұрғын жылқыларын тауып берген полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қазан күні 49 жастағы қала тұрғынының төрт жылқысы өрістен қайта оралмаған. Ол өз бетінше 15 күн бойы іздеген. Нәтиже болмағаннан соң, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне арыз түсіріп, құқық бұзушылық құрамы болуына байланысты іс тіркеліп, алдын ала тергеу нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.
Учаскелік полиция инспекторлары және жедел уәкілдер жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жәбірленушіге тиесілі жылқыны тауып, иесіне қайтарды.
Өз кезегінде қала тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшыларына және учаскелік полиция инспекторларына, жедел уәкілдеріне алғыс білдірді.