"Ақшаңды көбейтіп беремін": атыраулық тұрғын алаяққа 3,8 млн теңгесін беріп қойды
Ақшаңды көбейтіп беремін деп тұрғынның 3,8 млн теңгесін иемденген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қалалық Полиция басқармасына 39 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, әлеуметтік желі арқылы белгісіз азамат ақша берсең, көбейтіп беремін деп алдап кеткені туралы арызданды.
- Салған ақшаң ай сайын пайызбен еселеніп қайтарылатын болады деп сендіріп, жәбірленушіден жалпы 3,8 млн теңге ақша алған. Тәртіп сақшылары атыраулықты алдаған 37 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады, - деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) фактісі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.