Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Ақшаңды көбейтіп беремін»: қызылордалықты алдап кеткен алаяқ анықталды

«Ақшаңды көбейтіп беремін» деп қызылордалықты алдап кеткен алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, танысы «Whatsapp» желісінде ақшанды еселеп беремін деп алдап, қармағына түсірген. Салған ақшаң апта сайын көбейіп қайтарылатын болады деп сендіріп, банк қосымшасы арқылы 227 мың теңгесін аудартып алып, қайтармай қойған.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол 35 жастағы қала орталығының тұрғыны екені белгілі болды.

Қазіргі таңда күдіктінің басқа да оқиғаға қатыстылығын анықталуда.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру