Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Ақшаңды көбейтіп беремін»: сарыағаштық тұрғындар алаяққа алданып қалды

Түркістан облысында салған ақшаңды көбейтіп беремін деп тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне екі бірдей жергілікті тұрғын арызданды.
Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, әлеуметтік желі арқылы белгісіз азамат ақша берсең, көбейтіп беремін деп алдаған. Яғни салған ақшаң әр ай сайын 50 пайызбен еселеніп қайтарылатын болады деп сендіріп, бірінен 30 мың теңге, екіншісінен 35 мың теңге ақша алған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынып, СДТТБТ-ға енгізілді.

Тұрғындарды алдап, ақшаларын қалтасына басқан алаяқты ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Куәгерлерден жауаптар алынды.

Жәбірленушілердің ақша салып жіберген банк қосымшасы арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Тәртіп сақшылары алаяқты тауып, Сарыағаш АПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес іс-құжаттарды жинақтап, Сарыағаш аудандық сотына жолдады. Күдікті мен жәбірленушілердің өзара татуласуына, келтірілген шығынды өтеуіне байланысты соттың шешімімен күдікті қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болуды ескертеді. Банк кәртішкеңіздің құпия сандарын ешкімге айтпауға және бермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру