“Ақшаңды көбейтіп беремін”: шымкенттік алаяқ тұрғынды алдап кетті
Шымкентте алаяқтық жолмен 132 мың теңге ақшасын көбейтіп беремін деп, иемденіп кеткен азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 21 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасына “102” арнасы арқылы жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында 2021 жылдың 16 сәуір күні белгісіз адам сенімін теріс пайдаланып, алаяқтық жолмен көбейтіп беремін деп, 132 мың теңге ақшасын алып кеткенін көрсеткен.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының Учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.