Ақсу қаласының тұрғынынан 10 келі бекіре балығы тәркіленді
Ақсу қаласының тұрғынынан 10 келі бекіре балығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақсу қаласындағы қайық станциясында табиғатты қорғау полицейлері қала тұрғынын ұстады, одан 10 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.
Тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасында бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салынғанын атап өтіп, табиғатты қорғау заңнамасын сақтауды ескертеді, сондай-ақ браконьерлік пен заңды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді.