Ақсу тұрғыны үйде жанжал шығарған мас күйеуіне шағымданды
Ақсу тұрғыны үйде жанжал шығарған мас күйеуіне шағымданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар күрделі әлеуметтік проблемалардың қатарына жатады. Тәжірибе көрсеткендей, отбасындағы адамдар арасындағы туыстық қатынастарға қарамастан, қатынастардың дәл осы саласы әртүрлі қақтығыстарға бейім.
– Отбасылық-тұрмыстық жанжалдар фактілері – полиция шақыруларының негізгі бөлігін құрайды. Бұл 102 пультіне түсетін қоңыраулардың күнделікті мониторингінің нәтижелері. Сонымен, демалыс және мереке күндері полицияға осындай сипаттағы 230-дан астам қоңырау келіп түсті. Бір тәулік ішінде «102» операторы 800-ге жуық түрлі хабарламалар қабылдайтынын ескерген жөн, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Осылайша, Ақсу қаласының тұрғыны мас күйінде үйде жанжал шығарған жұбайына шара қолдану туралы полицияға жүгінді. Ер адам әйеліне тіл тигізген. Шақыруға келген полиция қызметкерлері 24 жастағы отбасылық жанжалқойға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырды.
Басқа жағдайда, мас ұлы анасына тыныштық бермей, жанжал шығарған. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 73-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.