Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақсуда 33 азамат маскүнемдіктен оңалту орталығына жіберілді

Жыл басынан бері Ақсу өңірінің аумағында 33 азамат маскүнемдіктен оңалту орталығына жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде тәртіп сақшылары мас күйде жасалған қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жүргізп жатыр.

- Қазіргі таңда ішкі істер органдарында есепте маскүнемдіктен зардап шеккен 128 адам және 29 нашақор тұр. Олардың әрқайсы учаскелік полицейлердің жіті қадағалуында. Полицейлер құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруда, — деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.

Мұндай азаматтардың мінез-құлқы қоғамдық тәртіпке, айналасындағылардың денсаулығы қауіп төндіретін жағдайларда учаскелік полиция қызметкері арнайы мәжбүрлеп емдеуге жолдама бойынша құжаттарды жинап, істі қарауға сотқа жібереді.

Мысалы, бір күннің ішінде Ақсу қаласы сотының шешімімен маскүнемдіктен 6 ай мерзіміне мәжбүрлеп емдеуге сегіз адам жіберілді, олар ұзақ уақыт бойы алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланды, заңсыз әрекеттер жасады, басқаларға қолайсыздықтар туғызды. Сот шешімдері дереу орындалуға тиіс болды.

Полиция азаматтарды әлеуметтік жауапкершілікті көрсетуге және емделуден оралған адамдарды оңалту және бейімдеу процесіне жәрдемдесуге шақырады. Тек бірлескен күш-жігермен ғана құқық бұзушылықтың тұрақты алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға қол жеткізуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру