Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақсуда дүкен иесі тыйым салынған уақытта алкогольді өнім сатқан

Ақсуда дүкен иесі тыйым салынған уақытта алкогольді өнім сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атаулы дерек бойынша 8 қаңтарда сағат 10.00-де кезекті рейд барысында Ақсу қаласының полицейлері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу фактісін анықтады.

Ақсу кентінде орналасқан дүкендердің бірінде дүкен иесі тыйым салынған уақытта 38 градустан асатын ішімдікті сатқан. Осы заңсыз әрекеті бойынша дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды. 

Аталған баптың санкциясы бойынша жеке тұлғаларға 10 АЕК, кәсіпкерлерге 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ақсу қаласының ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметовтың пайымдауынша, қазіргі уақытта материалдар сотқа жіберілді. Спикердің айтуынша, мұндай рейдтерді тәртіп сақшылары тұрақты жүргізеді. Жоғары көрсетілген факті бойынша өткен жылы Павлодар өңірінде 168 сауда нүктесінің иесі жауапқа тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру