Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақсулық тұрғынның көлігінен 500 келіден астам мөңке балығы тәркіленді

Ақсулық тұрғынның көлігінен 500 келіден астам мөңке балығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу қаласының полиция қызметкерлері Беловка – Қалқаман автожолында Audi А6 автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүк салғышта жалпы салмағы 559 келі болатын мөңке балығының 14 қапшығы табылды.

– Тексеру кезінде 47 жастағы жүргізушіде тасымалданатын жүкке құжаттар болмаған. Оның айтуынша, Қарасора көлінде балық аулаған. Автокөлік соңғы процестік шешім қабылданғанға дейін арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды, балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Айта кету керек, аймақ аумағында 20 қазан мен 19 қараша аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру