Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтау полицейлері ұрлық қылмысына қатысы бар күдіктілерді құрықтады

Ақтау полицейлері ұрлық қылмысына қатысы бар күдіктілерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласы аумағында орналасқан гараждардың бірінен автокөлік бөлшектері, сондай-ақ құрал-саймандар қолды болған. Бұл туралы жәбірленуші полицияға арызданды. Белгілі болғандай, күдіктілер гараждың ішіне есікті бұзып кірген.

Ақтау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен 25 және 29 жастағы күдікті азаматтардың жеке бастары анықталып, ұсталды. Олардың осындай қылмыстың 5 дерегіне қатысы бары анықталды. Шығын көлемі – 1 млн теңгеге жуық.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 

Қазіргі таңда екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру