Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда 110-ға жуық граффити жазуы жойылды

Ақтауда 110-ға жуық граффити жазуы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 наурыз күні Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын граффити жазуларды жою бойынша іс-шара өткізді.

Шараға ПД кинологиялық қызмет орталығының арнайы иттерімен жұмыс жасайтын қызметкерлері және Маңғыстау облысының Жастар ресурсы орталығының еріктілері қатысты.
Рейд барысында Ақтау қаласы бойынша сатуға тыйым салынған жарнамасы бар 110-ға жуық жазба жойылды.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бұл әрекетке барған заң бұзушыларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгендігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру