Ақтауда ауыр құқық бұзушылықтарға қатысы бар үш азамат құрықталды
Ақтауда ауыр құқық бұзушылықтарға қатысы бар үш азамат құрықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті қызметкерлерімен бірлесіп жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде Ақтау қаласында үш тұрғын ұсталды.
Ұстау кезінде жүргізілген тінту барысында төмендегілер тәркіленді: травматикалық “ОСА” тапаншасы, оқтығы кесілген атыс қаруы, 16 калибрлі 3 оқ-дәрі, сондай-ақ синтетикалық есірткі заты салынған бір түйіншек.
Сонымен қатар олардың қорқытып алу, атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау және тасымалдау, алаяқтық, зорлық әрекеттері және есірткі тасымалдау деректеріне қатысы бары анықталды.
Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.