Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда бейнебақылау камераларының көмегімен 150-ден астам қылмыстың беті ашылды

Жыл басынан бері Ақтау қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының “102” кезекші пультіне түрлі сипаттағы 189 504 шақырту келіп түскен. Бейнебақылау камераларының көмегімен 150-ден астам қылмыстың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің омниканалдығы бойынша тәулік бойы жұмыс жасап тұрған мобильді қосымша арқылы барлығы 106 хабарлама тіркелді.

Сондай-ақ тоғыз айдың қорытындысына сәйкес, ЖБО қызметкерлерімен қала аумағында 163 қылмыс ашылып, 20 681 құқық бұзушылық анықталды.

Қоғамдық қауіпсіздікті үздіксіз қамтамасыз етіп отырған қырағы сақшылар бейнебақылау камералары арқылы 1363 ұсақ бұзақылық дерегін тіркеді, құқық бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұдан бөлек, 1371 тұлғаға қатысты ӘҚБтК-нің 440-бабымен шара қолданылып, тиісті хаттамалар жасақталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру