Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда бір түнде 100-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Ақтау қаласында және республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда бір түнде 100-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерімен бірге қаланы түнде патрульдеуге “Дорожный контроль” қоғамдық  ұйымының өкілдері қатысты.

– Әдетте әр экипаждың өз патрульдеу аумағы бар, бірақ бүгінде қоғамдық ұйымның өкілі бар экипаж қаланың барлық аумағында жұмыс істеді. Қала тұрғындары демалыс күндерін жұма күні кештен бастап тойлай бастағандықтан, рейдтік шаралар ұтымды болды,- дейді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық бұзушылықтар арасында ең көп кездесетіні – қауіпсіздік белдігін тақпау болып табылады, рейдтер барысында осындай қателікке бой алдырған 18 жүргізуші анықталды. 13 жүргізуші көлік құралын басқару барысында телефонмен сөйлесіп, жолдағы жағдайға тиісінше көңіл бөлмеді, соның салдарынан оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сегіз автокөлік жүргізушісінің құжаттары болған жоқ.

Сонымен қатар, тоғыз жүргізуші жолдағы белгілерге назар аудармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың басқа да түрлері болды. Бір түнде төрт автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 11 адам жауапқа тартылды. Үш құқық бұзушы қоғамдық орындарда алкогольді  ішімдік ішкен. Тағы үш құқық бұзушыға абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру