Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда бірнеше мәрте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Ақтауда бірнеше мәрте ұрлық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қазан мен 13 қараша аралығында Ақтау қаласының сауда нысандарының бірінде қайталанған ұрлық деректері тіркелді. Тергеу материалдарына сәйкес, белгісіз ер адам түрлі тауарларды бірнеше рет жасырын түрде ұрлап кеткен. Полиция жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде 10 эпизодтан тұратын ұрлық анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке арнайы қабылдағышқа қамауға алынған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру