Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда бопсалау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ЖҚАЖ жауынгерлерімен және ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, ақша бопсалау дерегінің жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша күдікті күш қолданып және қорқытып, Ақтау қаласының тұрғынынан оның беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпау үшін 300 мың теңге талап еткен.

1 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті талап етілген ақшаның бір бөлігін алғаннан кейін ұсталды.

Жеке тінту кезінде одан арнайы белгі салынған ақша табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру