Ақтауда бөтеннің пәтерін иеленіп алған күдіктілер қамауға алынды
Ақтауда бөтеннің пәтерін иеленіп алған күдіктілер қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz
9 қыркүйек күні деструктивті діни ағымның жақтаушылары адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы ақшалай қаражат бопсалаумен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Олар зардап шеккен адамға 20 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтіріп, оның еркінен тыс үш бөлмелі пәтерді өздеріне рәсімдеген.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша Маңғыстау облысы ПД СДТБТ-ға тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері барлық төрт күдіктіні ұстап, оларға қатысты тінту іс-шаралары жүргізілді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, соттың санкциясымен барлығы да қамауға алынды.