Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда ер адам бөтеннің Toyota Camry көлігін айдап әкетті

Ақтауда ер адам бөтеннің Toyota Camry көлігін айдап әкетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 27 шілдесі күні сағат 12:00 шамасында полицияның кезекші бөліміне 10 шағын ауданда Toyota Camry маркалы автокөлігін айдап әкету туралы хабарлама келіп түсті.
Иесінің айтуынша, көлік үйдің жанында тұраққа қойылған. Аталған дерек бойынша кезекшілікте жүрген барлық патрульдік автокөліктер бағдарланды.
Ұрланған көлікті патрульдік полиция инспекторлары «ізін суытпай» анықтап, тоқтатты. Жүргізуші мән-жайды анықтау үшін полицияға жеткізілді. Автокөлік заңды иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру