Ақтауда мотоцикл ұрлаған күдікті қолға түсті
Ақтауда мотоцикл ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қаласының тұрғыны мотоциклді ұрлау дерегі бойынша полицияға арызданды. Ұрлық 14 сәуірден 15 сәуірге қараған түні болған. Белгісіз адам 12-шағын аудандағы үйлердің бірінің алдында тұрған қара түсті CFmoto nk 150 мотоциклін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның көлемі – 300 мың теңге.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ұрлық жасады деген күдікке ілінген азаматтан мотоцикл тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-да тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.