Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған мәдени-бұқаралық іс-шара өтті

26 маусымда Ақтау қаласында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай кең көлемді мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Шараны Маңғыстау облыстық ПД ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара катерлер шоуымен басталып, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Сахнада жас талантты әнші MACHENSKII, жергілікті орындаушы OUI және басқа да әнші-бишілер өнер көрсетті. Концерт барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен салауатты өмір салтының маңызын дәріптейтін мазмұн ұсынылды.

Салтанатты жиында құттықтау сөздер айтылып, есірткімен күреске үлес қосып жүрген тұлғаларға алғыс білдірілді. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев қатысушыларды мерекемен құттықтады. Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов өз лебізін жеткізді. Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов ПД жанынан құрылған “Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі профилактикалық кеңес” мүшелеріне нашақорлықпен күрестегі белсенді қызметтері үшін алғыс хаттар табыс етті.

Концерттік бағдарлама аясында ЖҚАЖ қызметкерлері жауынгерлік өнерлерін көрсетті. Полиция департаментінің кинология қызметі арнайы жаттықтырылған қызметтік иттердің мүмкіндіктерін көпшілікке паш етті. Қала тұрғындары арасында түрлі конкурстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға шағын сый-сияпаттар табысталды.

Іс-шара жарқын от шашумен қорытындыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру