Ақтауда пәтер алаяғы тұрғынды 18 млн теңгеге алдап кетті
Ақтау полицейлері пәтер алаяғын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған дейін Ақтау қаласының полициясына жергілікті тұрғын жүгінген болатын. Оның айтуынша, аталған әйел 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін төрт жыл бойы тұрғын үй сатып алуға көмектесуге уәде беріп, алдау жолымен 18 миллион теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.
Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасуда.
– Құрметті азаматтар, алаяқтық жағдайлардың жиілеп кетуіне байланысты сақ болуларыңызды сұраймыз, – деп шақырады Маңғыстау облысының полиция басшысы Жанарбек Бақтыбаев.