Ақтауда патрульдік полиция қызметкерлері азаматқа жоғалған ақшасын тауып берді
Ақтауда патрульдік полиция қызметкерлері азаматқа жоғалған ақшасын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 маусым күні сағат 21:00 шамасында теңіз жағалауын патрульдеп жүрген полиция жасағынан ер азамат көмек сұраған. Оның айтуынша, “Астана” сауда үйінде ол өзінің 50 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатын жоғалтып алған.
Яғни, банк автоматынан ақша дұрыс берілмей, ол ақша өзге адамның қолына кеткен.
«Алау 14А” жасағының инспекторлары Ноян Қадірбаев пен Сарсенбай Иманбай бейнебақылау камералары арқылы оқиға болған сәттен бастап бақылау жүргізіп, ақшаны алып кеткен адамды анықтаған. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, “ізін суытпай” теңіз жағалауынан ақшаны алып кеткен адамды бірден ұстайды. Ақша иесіне қайтарылып, ол полиция қызметкерлерінің жедел қызметтері үшін алғысын білдірді. Ақшаны алып кеткен адамға қатысты ешқандай арыз-шағым болмады.