Ақтауда ПД бастығы алғашқы қоңырау салтанатына қатысты
Маңғыстау облысында полиция департаментінің бастығы №20 мектептің салтанатты жиынына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа оқу жылының басталуына орай Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов Ақтау қаласындағы №20 жалпы білім беру мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысты.
Іс-шара барысында департамент бастығы 1-сынып оқушыларымен, 11-сынып түлектерімен және ата-аналармен кездесіп, жылы лебізін білдірді. Ол білімнің маңыздылығына тоқталып, балаларды тәртіпке, еңбекқорлыққа, білімге құштар болуға шақырды.
Сағындық Аяғанов өз сөзінде ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өсиетін негізге ала отырып, жас ұрпаққа сәттілік тіледі.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері бірінші сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелеріне арналған танымдық бояу кітапшаларын таратып, қауіпсіздік ережелерін сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндірді.
Шара соңында оқушылар патрульдік полиция көліктерімен танысып, естелікке суретке түсті. Бұл күн кішкентай оқушылар үшін ерекше әсерлі сәттерге толы болды.