Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда полицейлер екі ер адамнан 79 келіден астам марихуана тәркіледі

Ақтауда полицейлер екі ер адамнан 79 келіден астам марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы операция барысында тәртіп сақшылары екі ер адамды анықтап, ұстады. Олардың көлігін тінту барысында, салмағы 79 келі 138 грамнан асатын марихуана салынған 27 полиэтилен пакеті және есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ салмағы 59 грамм гашиш табылды. 

Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Тергеу қорытындысы бойынша күдікті сотқа жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру