Ақтауда полицейлер есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні ұстады
Ақтауда полицейлер есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 желтоқсан күні 3-шағын аудан 22 үйге қарсы тас жолда 26 жастағы ер адамның басқаруындағы Datsun көлігі тоқтатылды. Жеті жыл мерзімге басқару құқығынан айырыла тұра, көлік жүргізіп жүргені анықталды.
Жүргізушінің өзін ұстауы тәртіп сақшыларына күдік тудырғандықтан, оны медициналық куәландыруға жібереді. Оның қорытындысына сәйкес, көлік құралының жүргізушісі есірткілік масаң хәлде болған.
Көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан және жүргізушіге қатысты есірткілік мас күйінде автомобильді басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.