Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда полиция героин тәркіледі

Ақтауда полиция героин тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Прокуратураның үйлестіруімен және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері ЖҚАЖ-пен бірлесіп Ақтау қаласының халықаралық әуежайы аймағында арнайы операция жүргізді.

Санкцияланған тінтулер нәтижесінде ішінде жалпы салмағы шамамен 50 грамм болатын героин салынған 40 капсула бар полиэтилен пакет тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша – аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сақтау, тасымалдау, сатып алу, жөнелту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұндай іс-шаралар "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында заңның үстемдігін, азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған нашақорлыққа қарсы кешенді жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру