Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда ҚАЖ қызметкерлері спорттық жарысқа қатысты

Ақтауда ҚАЖ қызметкерлері спорттық жарысқа қатысып, екінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтауда қалалық әкімдік пен Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастырған футболдан достық кездесу сәтті өтті. Іс-шара Республика күніне арналған мерекелік шаралардың бір бөлігі ретінде мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері арасында спорттық ынтымақтастық пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Маңғыстау облысының түрлі мемлекеттік мекемелерінен бірнеше команда қатысып, футбол алаңында шеберліктерін көрсетті. Жарыста ерекше белсенділік танытқан Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №77 мекемесінің қызметкерлері бар күш-жігерін салып, тамаша ойын көрсетіп, екінші орынға ие болды.

Мекеме қызметкерлері бұл жарыстың олардың бірлігін нығайтуға және ұжым арасындағы ынтымақтастықты арттыруға үлкен септігін тигізгенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру