Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионаты өтті

Жетісулық полицей қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3–6 сәуір аралығында Ақтау қаласында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің әр өңірінен жиналған үздік спортшылар бас қосқан додада Жетісу облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Шерхан Жақсылық лайықты өнер көрсетті.

Тартысты бәсекеде тәжірибелі де, мықты қарсыластармен кездесіп, жоғары шеберлігін танытқан Шерхан жүлделі үшінші орынды иеленді. Бұл жетістік — оның кәсіби дайындық деңгейі мен спорттағы табандылығының нәтижесі.

Қоян-қолтық ұрыс — тәртіп сақшылары үшін тек спорт емес, қызметтік дайындықты жетілдірудің маңызды бөлігі. Осы тұрғыдан алғанда, Жақсылық Шерханның жеңісі — жеке жетістік қана емес, Жетісу өңірі полицейлерінің дайындығының бір көрінісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру