Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда SOS дабыл түймелері іске қосылды

Ақтау қаласының аумағында SOS дабыл түймелері іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мемлекет басшысының бұйрығымен бекітілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді арттыру мақсатында қала аумағында, әсіресе, адам көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен саябақтарда SOS дабыл түймелері орнатылды.

Аталған құрылғы – полициямен жылдам байланысуға мүмкіндік беретін ыңғайлы сервистік жүйе. Маңғыстаулықтар бір ғана түймені басу арқылы тәртіп сақшыларының көмегіне жүгіне алады. Жедел басқару орталығының операторы қоңырау шалушыны көру арқылы оның орналасқан жерін анықтап, шұғыл әрекет ету және тиісті көмек көрсету шараларын қабылдайды.

Көпшілікке сапалы қызмет көрсетудің тиімді құралы SOS батырмалары Ақтау қаласында бес мекенжай бойынша орналасқан. Олар: «Амфитеатр» теңіз жағалауы, «Ақбота» саябағы, «Мәңгілік алау», «Ынтымақ» алаңдары және Приморский жағажайы.

Сонымен қатар, SOS дабыл түймесін қаланы дұрыс білмейтін туристер де қолдана алады. Бағдарланбаған жерлерде адасып қалған азаматтар осы батырма арқылы тәртіп сақшыларымен байланысып, көмек сұрайды.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын аса қажеттілік болмаған жағдайда батырманы себепсіз пайдаланбауға шақырады. Жедел басқару орталығының операторлары сіздің қоңырауыңызға кеткен уақыттың орнына, расымен көмекке зәру азаматтардың хабарламасын қабылдауы мүмкін екендігін есте сақтаған жөн! 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру