Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда сотталғандар Наурыз мерекесін атап өтті

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қарасты ГМ-172/8 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар Наурыз мерекесіне арналған іс-шараға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында мерекелік концерт көрсетіліп, сотталғандар арасында қазақтың ұлттық ойындары өткізілді.

Түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында Наурыз мейрамын атап өтудің мақсаты – сотталғандарды қоғамға бейімдеу, олардың ұлттық құндылықтарды қастерлеу қабілетін шыңдау, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

Концерттік іс-шарадан кейін сотталғандар киіз үйде наурыз көжеден дәм татты.

-Сотталғандар тек жазасын өтеп қана қоймай, қайтадан тәлім-тәрбие алуы тиіс. Бұл-біздің жұмысымыздың маңызды бағыты. Жазасын өтеп жатқандардың арасында небір өнерлі азаматтар бар, олардың өнерін көпшілікке ұсыну арқылы сотталғандардың өмірге деген құштарлығын оятуды көздедік, – деді мекеме қызметкері Ербол Сарсенбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру