Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда тұрғынның 400 мыңға жуық қаражатын жымқырған алаяқ ұсталды

Ақтауда тұрғынның 400 мыңға жуық қаражатын жымқырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

14 қыркүйекте Ақтау қаласының тұрғыны Rixos Water World Aktau қонақ үйіне бір күнге 70 мың теңгеге жолдама алып беремін деп осы уақытқа дейін уәдесін орындамаған азаматқа қатысты арызданды. Алаяқтық іс-әрекетке барған ер адам жәбірленушінің 389 мың теңге қаражатын жымқырған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру