Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда "Заң мен тәртіп" жобасы аясында студенттермен құқықтық кездесу өтті

Ақтау қаласында Yessenov University-де "Заң мен тәртіп" жобасы аясында құқықтық кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қаңтар күні Yessenov University-де "Заң мен тәртіп" жобасы шеңберінде "Құқықтық тәртіп: студент жастардың болашағын қорғау" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – студент жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру, құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру болды.

Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері, Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мамандары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Сонымен қатар Zoom платформасы арқылы жазасын өтеп жатқан және жазасын өтеп келген азаматтар қосылып, өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында заң алдындағы жауапкершілік, құқықбұзушылықтың салдары, жастардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, студенттер көкейіндегі сұрақтарына нақты жауап алды.

Өткізілген кездесу студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруға, заңға құрмет мәдениетін арттыруға және жауапкершілік сезімін күшейтуге оң ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру