Ақтауда жедел басқару орталығының қызметкерлері мереке күндері 200-ден астам қоңырау қабылдады
Ақтауда жедел басқару орталығының қызметкерлері мереке күндері 200-ден астам қоңырау қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен төрт күндік мереке күні Ақтау қаласында бейнебақылау камераларының көмегімен 189 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, сондай-ақ екі қылмыс ашылды.
Төрт күн ішінде қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 23 әкімшілік хаттама толтырылды, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 12, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзғаны үшін сегіз. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай – ақ қаланың және елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру – жеті.
Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзудың 125 жағдайы тіркелген.