Ақтаудағы түзеу мекемесінде алғыс айту күні атап өтілді
Маңғыстау облысындағы түзеу мекемесінде алғыс айту күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/10 түзету мекемесінде алғыс айту күнін атап өтті.
Мекеме қызметкерлері келушілерді қазақтың ұлттық тағамдарымен қарсы алды. Таңертеңнен бастап қызметкер қыздар ұлттық киіммен сотталғандарға келушілерді, заңгерлерді осылайша күтіп алды. Кіреберіске дастарқан жайылып, шұбат, бауырсақ, құрт, ірімшік сияқты тағамдарды ұсынды.
Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Мекеме басшылығы, қызметкерлер барлығын айтулы мерекемен құттықтап, өз алғыстарын білдірді. Елдегі мерекелер қатарының Алғыс айту күнімен толығуы игілікті іс болды. Бұл күннің астарында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру жатыр.