Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтаулық азаматтар өздерін Алматыда біреулердің мәжбүрлеп ұстап отырғаны туралы әңгіме ойлап тапқан

Ақтаулық екі жас жігіт Алматыға келіп, оларды мәжбүрлеп ұстап отырғандығы туралы әңгіме ойлап тапқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың екеуі де Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғындары. Жастардың үйлерінен 23 желтоқсанда кеткені анықталды. Содан бері олар іздеуде болған.

– Жігіттердің бірі 17 жаста, екіншісі жақында 18-ге толды. Олар шаһарға туған күнін және келе жатқан Жаңа жылды мерекелеу үшін келген. Біреуінің әпкесі хабарласқанда жігіттер оған оларды Алматыда бейтаныс адамдардың мәжбүрлеп ұстап отырғанын айтқан. Автоматты түрде мұндай ақпарат бізге келіп түсті. Біз  дереу іздестіру тобын құрдық. Тұрғын үй кешендерінің бірінде жүргізілген жедел-іздестіру  іс-шаралардың нәтижесінде «жоғалып кеткендер» аман-сау табылды. Олардың жанында бейтаныс адамдар болған жоқ, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Табылғандардың ата-аналарының келісімі бойынша балаларды Алматыдағы туыстары үйлеріне жіберуді өз мойындарына алды. Осыдан кейін мұндай фактілерге жол бермеу мақсатында жігіттермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру