Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтаулық бұзақы құрықталды

Маңғыстаулық полицейлер жергілікті тұрғынға дене жарақатын салған бұзақыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауызша дау-дамайдан туындаған төбелес нәтижесінде қатысушылардың бірі дене жарақатын алған.

Оқиға 2021 жылдың 23 қаңтарында сағат шамамен 23.00-де Мұнайлы ауданында жол бойында болған. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған қылмысты жасауға қатысы бар 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру