Ақтаулық полицейлер ұрлық қылмысының бетін ашты
Ақтау полициясы ұрлық қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қаласы аумағында орналасқан гараждардың бірінен станок және басқа да құрал-жабдықтар қолды болған, күдікті оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Жәбірленуші Ақтау қаласы полиция басқармасына арызбен жүгінді.
Келтірілген материалдық шығын – 5 млн теңге. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұрлыққа қатысы бар 44 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қалалық ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу мүддесінде өзге мәлімет жария етілмейді.