Ақтаулық тұрғындардан мефедрон тәркіленді
Ақтаулық тұрғындардан мефедрон тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ақтау қаласының 25-ші шағын ауданында ПД қызметкерлері жергілікті тұрғынды есірткімен ұстады. Тінту барысында одан 30 грамм мефедрон синтетикалық есірткі заты тәркіленді.
Осыған ұқсас тағы бір дерек Ақтау қаласында тіркелді. 29-шы шағын ауданда тұрғыннан 27 грамм мефедрон синтетикалық есірткі заты тәркіленді.
Екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.