Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтаулық тұрғыннан 1 грамнан астам героин тәркіленді

Ақтаулық полицейлер жергілікті тұрғыннан 1 грамнан астам героин тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 36 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тінту кезінде одан салмағы 1 грамнан асатын героин және алты шприц табылды.

Алынған шприцтерде «экстракциялық апиын» деп аталатын сұйықтық болды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру