Ақтаулық ұры құрылыс объектісінен құралды қолды қылған
Ақтаулық ұры аяқталмаған құрылыс объектісінен құрал-сайманды қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қаласында белгісіз біреу иелерінің жақын маңда жоқтығын пайдаланып, салынып жатқан азық-түлік дүкенінің аумағынан «Pit» маркалы құралды ұрлап кеткен. Осылайша, қаскүнем жәбірленушіге 65 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 33 жастағы азаматты анықтап, полицияға жеткізді. Ол өз қылмысын мойындады, полиция қызметкерлері заттай айғақты тәркіледі.
Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды.