Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбде 1061 тәртіп бұзушылық анықталды

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін
бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың
1061 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ
режимін бұзу) – 1015 құқық бұзушылық, оның ішінде 202 адам қамауға
алынды, 237 айыппұл салынды, 524 ескерту жасалды, 43 материал сотқа
жіберілді.

ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға
итермелейтін іс-әрекеттер) 46 бұзушылық анықталды, оның ішінде 22
айыппұл салынды, 24 қамауға алынды.

Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын
алуда, мұндай бұзушылықтардың саны 73-ке жетті.

Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға
түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны
таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын
сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар)
киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және
жақындарыңызды қорғаңыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру