Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Ақтөбе-Астрахань" автожолында "Жедел медициналық жәрдем" автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды

"Ақтөбе-Астрахань" автожолында "Жедел медициналық жәрдем" автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

11 наурыз күні сағат 09:00-де "Honda CRV" автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласы бағытында келе жатып, Мұғалжар ауданы Ақкемір кентінің жанындағы "Ақтөбе-Астрахань" автожолының 74 шақырымында, қарсы бағытта келе жатқан "Темір аудандық ауруханасы" МКК-ның тиесілі "УАЗ" автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілген "Honda CRV" автокөлігінің 54 жастағы жолаушысы көз жұмды. "Honda CRV" жүргізушісі мен "УАЗ" жедел жәрдем автокөлігінің медбикесі ОАА-ға жатқызылды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жолдарда мұқият болуды, қауіпсіз қашықтықты сақтауды, ауа-райына сәйкес жылдамдық режимін таңдауды сұрайды. Жол белгілерін қатаң сақтаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру