Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған жігіт ақша бопсалаған

Ақтөбе маңындағы жанармай бекетінің бірінде кассирді қорқытқан қаскөй ақша бопсалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілде түнгі сағат 03:00 шамасында Ақтөбе маңындағы жанармай бекетінің бірінде қарақшылық шабуыл жасалды.

Күдікті кассирді пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Дүкен күзетшісі күдіктіге қарсы шықты. Алайда қарақшы күзетшіні итеріп, қашып кетті.

Полиция қызметкерлерімен жедел іс-шаралар кешені өткізілді, қылмыс жасалған ауданда орналасқан бейнебақылау камералары қаралды. Бір тәулік ішінде 22 жастағы күдікті анықталып, бірнеше күннен кейін ұсталды. Сондай-ақ, қылмыс құралы – пышақ тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы «Қарақшылық» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру