Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе мектептерінде полиция құқықтық тәрбие сағаттарын өткізуде

Ақтөбе мектептерінде полиция құқықтық тәрбие сағаттарын өткізуде , — деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқу жылының аяқталуына орай және 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері жоғары сынып оқушылары үшін құқықтық тәрбие сағаттарын өткізуде. Кезекті қауіпсіздік сабағы Ақтөбе қаласындағы №78 орта мектепте өтті. 

Кездесу барысында ювеналдық полиция қызметкерлері балалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жаз мезгілінде орын алуы мүмкін қауіптер – суға кету, терезеден құлау сынды жағдайлардың алдын алу жолдарын кеңінен түсіндірді.

Сондай-ақ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары жасөспірімдерге әлеуметтік желілерде таралатын есірткі жарнамаларының қауіптілігі туралы айтып, жеңіл ақша табудың салдары қайғылы оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтті. Оқушыларға бос уақытты тиімді өткізу жолдары ұсынылды.

Кездесудің көрнекі бөлігінде Полиция департаментінің арнайы жасағы күш пен шеберлікке толы жаттығу көрсетілімдерін ұсынып, оқушылардың зор қызығушылығына ие болды. Ал, Кинологиялық қызмет орталығының мамандары қызметтік иттердің есірткі заттарын табудағы кәсіби мүмкіндіктерін көрсетіп, балалардың ерекше ықыласын тудырды.

Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  ерекше қамқорлықпен өткізілген мұндай құқықтық-профилактикалық кездесу биыл оқу жылының соңына дейін барлық мектептерде өткізілетін болады. ІІМ тапсырмасына сәйкес өткізіліп отырған бұл шаралардың басты мақсаты – балалардың амандығы мен қауіпсіздігі. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру